Ақтауда 15 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ер адам қамалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 15 жастағы қызды зорлау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, ер адам тергеу изоляторына қамалды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингіде облыстық полиция департаменті және прокуратура органдарының өкілдері мәлімдеді.

2005 жылы туған А. есімді қыз баланың зорланғанын білген анасы осы жылдың 8 мамыр күні облыстық полиция департаментіне арыз түсіреді.

Шұғыл іздестіру шараларымен күдікті қолға түсті. Оған қарсы қылмыстық Кодекстің екі бірдей бабымен қылмыстық іс қозғалып отыр.

«Күдіктінің іс-әрекетіне орай ҚР қылмыстық Кодексінің 120-шы бабының 3-ші және 1-ші бабы 1,2 тармақтарымен яғни, кәмелет жасқа толмаған адамды зорлау (белгілі бір лауазымдарды атқару не белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып) және ҚР ҚК 122-ші бабының 3-ші бөлігімен (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас не сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 10 мамырда тергеу сотымен күдікті тұлғаға қатысты қолданылған «Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына екі айға санкция берілді. Қылмыстық істің сапалы және объективті тергелуін қамтамасыз ету мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды» - деді облыс прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағанбетов.

Қазіргі таңда күдікті тұлға сот санкциясымен тергеу изоляторына қамауға алынды. Ақтау қаласының Е. есімді тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған. Нәтижесі сотқа жолданатын болады.


Соңғы жаңалықтар