Ақтауда 162 лифт жаңартуды қажет етеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда 162 лифт жаңартуды қажет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдегі лифтілерді жаңарту мақсатында облыстық әкімдік пен «Қазақстан лифтшілерінің ұлттық қауымдастығы» ынтымақтастыққа қол қойды.

Келісім аясында тұрғын үйлердегі тозығы жеткен лифттер ауыстырылады. Айта кетейік, қазіргі таңда қала аумағындағы 162 лифт жаңартуды қажет етеді.

«Бүгінгі келісім қандай лифтілер қою керектігін және оған қойылатын талаптарды айқындайды. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жүріп-тұруына да жағдай жасалмақ»,-дейді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов.

Соңғы жаңалықтар