Ақтауда 9,6 мың адам үй кезегінде тұр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында баспанаға мұқтаж 9 632 адам тіркеуде тұр. Бұл туралы қала әкімі Ғалымжан Ниязов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, тізімдегі 3 477 тұрғын халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жатады. Олар — көпбалалы отбасылар.

«569-сы – жетім бала, 21-і – баспанасы апатты жағдайда деп танылғандар, 5 564-і – мемлекеттік қызметші, бюджеттік ұйымдардың қызметкері және т.б, 477-і — толық емес отбасылар, 1 398-і — мүгедек бала тәрбиелеуші отбасы, 581-і – зейнеткер, 166-сы — 1 және 2-топ мүгедектері, 787-і — ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілгендер, 65-і – оралман», - деді Ғалымжан Ниязов.

Оның ішінен «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға 2 456 отбасы ниет білдіріп отыр.

Көпбалалы аналардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін республика бюджетінен өңірге 1,695 млрд теңге бөлінді. Осы мақсатта мемлекет 2018-2019 жылдары берілген тұрғын үйден 205 пәтер сатып алмақ.

Соңғы жаңалықтар