Ақтауда алғаш рет «Қыз Жібек» операсы қойылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Абай атындағы мәдени - демалыс кешенінің сахнасында алғаш рет Ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен «Қыз Жібек» операсы Маңғыстау жұртшылығына ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық музыкалық өнердің інжуі атанған қойылым 1,5 сағат жанды дауыста орындалды. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, ескі дүниені жаңғырту бағытында, қазақ фольклорының классикасы саналатын операны алғаш рет Маңғыстауда сахналау идеясын Абай атындағы мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Маргарита Омарова ұсынған болатын.

«Жастар жылы» және Абай атындағы МДК 45- жылдығына арнап ерекше тосын сый әзірлеу мақсатында осынау үлкен жоба наурыз айынан бастап қолға алынған. Ал, оны жүзеге асырып, жоғары деңгейде орындап шығу үшін Н.Жантөрин атындағы облыстық драма- театрының әртістері, Маңғыстау өнер колледжінің студентер хоры, кешеннің шығармашылық ұжымдары ат салысып, бірлесіп үлкен жұмыс атқарды.

Қойылымды музыкамен әрлеген Ұлт аспаптар оркестрі, жетекшісі әрі дирижері Жақсылық Нұрқожаев.

«Операны тамашалауға келген көрермен залға толы болды. Мәдени кештен рухани азық алған көпшілік ерекше әсер алғандарын жасырмай, ризашылықтарын білдірді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар