Ақтауда «Әжеден ғибрат» клубы құрылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында «Әжеден ғибрат» клубы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Саналы тәрбие мен салт-дәстүрді жас ұрпақ бойына сіңіру үшін олар танымдық сабақтар өткізеді. 16 ақпан күні клуб мүшелері «Microsoft Teams» онлайн платформасында бас қосып, алғашқы кездесу өткізді.

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Зере Құрманбайдың әжесі Рысты Дюмбаева ұршық иіру жолдарын көрсетті.

Клуб мүшелігінде 7, 8 және 11-сынып оқушыларының әжелері бар. Олар әзірге «Халқын сүйген - салтын сүйер», «Он саусағынан бал тамған», «Қазақ – қонақжай халық» атты үш тақырыпта сабақ өткізеді.

Әжелер алдағы уақытта ұлттық сусындар мен тағамдарды дайындау әдісін көрсетеді. Бұдан бөлек, киіз үй жабдықтары мен тоқыма тоқу, ою бастыруды үйретеді


Соңғы жаңалықтар