Ақтауда биыл «Аққу-3» тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 33-шағынауданда орналасқан «Аққу-3» тұрғын үйінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Бұл туралы Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Эльдар Машырықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, аталған нысан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатыр.

«Осы бағдарлама аясында бірнеше көп пәтерлі тұрғын үй салынуда. Атап айтсақ, 33 шағынауданда 670 пәтерден тұратын «Аққу-3» тұрғын үйі құрылысының аяқталуын тұрғындар көптен бері күтіп жүр. Қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған», - деді бөлім басшысы.

Бұдан бөлек, 19А шағын ауданда 576 пәтерлі 7 тұрғын үй салынып жатыр. Оның ішінде жалпы ауданы 7 847,32 шаршы метрді құрайтын №37 жер учаскесіндегі 2 тұрғын үй тамыз айында пайдалануға берілмек. Ал, осы жылы қалған №41 учаскедегі бес тұрғын үйдің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталып, нысан пайдалануға берілмек.


Соңғы жаңалықтар