Ақтауда екі жүкті әйел жол апатынан зардап шекті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жол апатынан зардап шеккен екі әйел де жүктіліктің 23-24 аптасында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші жол апаты Маңғыстау-3 ауылы, «Әмина» дүкенінің маңында болған. Зардап шеккен әйел облыстық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған «бас-миының шайқалуы» деген диагноз қойған.

Ал, екінші жол апаты 27-шағынаудандағы «Бәйтерек» сауда орталығының алдында болған. Көлік ішінде болған жүкті әйелге невроз диагнозы қойылған. Алайда, ол өз еркімен емделуден бас тартып, үйіне қайтарылған.

Соңғы жаңалықтар