Ақтауда ер адам биік ғимараттан секірмек болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда ер адам биік ғимараттан секірмек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары ұзақ келіссөз жүргізгеннен кейін ер адам ғимараттың төбесінен өз еркімен түсуге келісім берген.

21 сәуір күні сағат 00:35-те кезекші пультіне белгісіз ер адамның 12-шағын аудандағы №35 үйдің жанындағы ғимараттан секіруге оқталғаны туралы ақпарат келіп түскен.


Рота командирі Нұрсұлтан Қанатов взвод командирлері Тайман Аншыбаев, Әли Ұзақбаев және инспектор Бауыржан Қонысбеков өзіне қол салмақшы болған ер адаммен бір сағаттан астам уақыт келіссөз жүргізген. Полицейлердің сағат бір жарым сағаттан астам уақыт жүргізген әңгімесі нәтижелі болып ер адам сөзге келген. Ол қазір Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Аталған іс бойынша материал Ақтау қаласының полиция басқармасына тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар