Ақтауда қираған түрме жатақханасы: Зардап шеккендердің бірі ауруханадан шықты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау колониясындағы апаттан зардап шеккендердің бірі ауруханадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі ГМ-172/6 колониясының аумағында жатақхана құлағаннан кейін медициналық мекемеге жатқызылған төрт сотталушының жағдайы туралы айтып берді.

Зардап шеккен сотталғандардың бірі денсаулық жағдайының жақсаруына байланысты ауруханадан шығарылған.

«Екінші пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған болатын. Оның жағдайы жақсарды. Сондықтан оны реанимациядан травматология бөліміне ауыстырдық», - делінген хабарламада.

Тағы екі сотталушы травматология бөлімінде емін жалғастыруда. Екеуінің де жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 19 шілдеде жатақхана опырылып құлап, салдарынан 11 адам зардап шекті, оның үшеуі қайтыс болған еді.

Сегіз сотталушы медициналық көмек көрсету үшін облыстық ауруханаға жеткізілді.

Кейін төртеуі ауруханаға жатқызылып, қалғаны амбулаториялық емделуге жіберілді.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлім еткендей, тергеу ҚР ҚК 278-бабының 3-бөлігі бойынша жүріп жатыр.



Соңғы жаңалықтар