Ақтауда ҚР Тұңғыш Президенті саябағының құрылысы басталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда ҚР Тұңғыш Президенті саябағының құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмовқа Ақтау қаласында бой көтеретін ҚР Тұңғыш Президенті саябағының жобасы таныстырылды.

Саябақ қаланың жаңа 40 шағын ауданында орналасады. Нысанның жалпы көлемі 23 гектар. Онда қала тұрғындарының белсенді демалуына арналған алаңдар, серуендеу аймақтары болады. Гүлдер аллеясы, музыкалық субұрқақ, балалар ойын алаңдары, жүгіру және велосипед жолдары орнатылады. Саябақта тамшылатып суару жүйесі жүргізіліп, демалушыларды желден қорғайтын қорғаныш болады.

Демалыс орны «BS stroy» ЖШС-ның жеке қаражаты есебінен тұрғызылады. Үлкен саябақтың құрылысын 2026 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар