-
ОНЛАЙН:
Ақтауда маска кимеген жолаушыларды автобусқа мінгізбейді

АҚТАУ. ҚазАқпарат- Ақтауда маскасыз жолаушыларды автобусқа кіргізбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді кондукторлар маскасыз жолаушыларды қоғамдық көліктен шығарып жіберуге құқылы.
Шенеуніктер осы талаптардың сақталуын тексеріп, рейдтер өткізуді жоспарлап отыр.
Аймақтың бас санитар дәрігерінің наурыздағы жаңа қаулысына сәйкес автобуста күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және маска режимі сақталуы тиіс.
Автобустардағы жолаушылар саны отыратын орындар санынан аспауы тиіс.
Қалалық әкімдікте хабарлағандай, шенеуніктер рейд жүргізіп, маскасыз жүрген жолаушыларды анықтайды.
Рейдтер 8 сәуірден басталады.
«Коронавирус індеті тағы да қарқын алуда: көрші үш аймақ «қызыл» аймаққа кірді. Осыған байланысты санитарлық нормаларды сақтауды және қоғамдық көлікте бетперде киюді сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз» делінген әкімдік таратқан хабарламада.
- Матрица: Қызылорда мен Маңғыстау облыстары «қызыл аймаққа» өтті
- Алматыда 380 орындық инфекциялық орталықтың құрылысы басталды
- 26 қазақстандық коронавирустан көз жұмды
- Брюссель тұрғындары вакциналауға онлайн жазыла алады
-
Елімізде коронавируспен ауырған 671 адамның жағдайы ауыр
-
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 252 мыңнан асты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам