Ақтауда металлургтер ереуілге шықты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – «ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ жұмысшылары ел Президентінің атына жалақыны 100% арттыруды талап ететін бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.


«ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ мұнай-газ саласына арналған болат құбырлар шығаруға және тау-кен өндіру өнеркәсібінде пайдаланылатын магистралды су таратқыштарды, жылу трассаларын және пульпо/шлам құбырларын салуға маманданған.

Жұмыс беруші компанияның 15 сәуірдегі мәліметіне сәйкес, 120 жұмысшы жалақыны көтеруді талап еткен және өз талаптары орындалмайтынын айтып, жұмысты тоқтатқан.

Айта кетейік, бұған дейін «ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ қызметкерлері кәсіпорын директорына жалақыны 100% арттыру талабымен хат жолдаған болатын. Кәсіпорын директоры бұл хатты жалақыны көтеру мүмкіндігі мәселесін келісу үшін «ArcelorMittal Temirtau» АҚ акционеріне жіберген. Бүгінгі күнге дейін бұл мәселе өз шешімін таппады.

Соңғы жаңалықтар