Ақтауда паркингте той өткізгендерден түсініктеме алынды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулықтар той өткізетін жаңа орын тапты. Жас жұбайлар үйлену тойын паркингте өткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олардың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Бейнетаспа Ақтау қаласында түсірілген. Онда тойды жүргізетін асаба қаладағы тұрғын үйлердің бірінде дүбірлі карантин кезінде той өткізудің «үлгісін» көрсетеді.
«Ал, құрметті құрметті қонақтар! Бүгінгі тойға қош келдіңіздер! Екі жас бақытты болсын. Паркингтегі тойды ешкім көрмеген шығар. Біз бастап жатырмыз. Беташарға дайын болыңыздар», - дейді асаба.
Той 35 шағын аудандағы үйлердің бірінің жерасты тұрағында өткен. Полицейлер той иелерінің кім екенін анықтаған.
Мереке иесінің айтуынша, олар ұзақ отырмаған. Себебі паркинг өте суық болған. Той иесі мен асабадан да түсініктеме алынған. Қазір карантин талаптарын бұзғандардың ісі мониторинг топқа тапсырылды.
- Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп, антирекорд орнады
- Түрмеде отырып, қылмыстық топ құрған: БҚО-да есірткі сатушылар сотталды
- Қызылорда облысында карантин талаптары күшейтілді
- ШҚО-да бір күнде 20 мас жүргізуші ұсталды
-
Түркістан облысы әкімінің орынбасары жаппай вациналау барысымен танысты
-
Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы бар ма
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам