Ақтауда салынып жатқан қонақүй кешенінің аумағында өрт шықты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Құрылыс нысанында аквапаркке арналған сырғанақтың пластмасса бөлігі жанып кеткен. Өртті өрт сөндірушілер келгенге дейін сөндіріп үлгерген. Бұл туралы Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғаныс подполковнигі Мұрат Мұханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ладаға сілтеме жасап.

Салынып жатқан «Aktau Resort Hotel» қонақүй-туристік кешенінің аумағындағы өрт кеше, 15 мамырда 21:50-де шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер барғанша өртті адамдар сөндіріп үлгерген.

«Су сырғанағының пластик бөлігі жанған. Өрт 5-6 шаршы метр аумақты қамтыған. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ», - деп атап өтті Мұрат Мүханов.

Азаматтық қорғаныс подполковнигі қазір оқиға орнында өрттің неден шыққанын білу үшін кезекші анықтаушы жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар