+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтауда тығылып той жасағандардың видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті

2020 жылғы 16 қыркүйек 12:38
Бөлісіңіз:
Ақтауда тығылып той жасағандардың видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті

АҚТАУ. ҚазАқпарат. Карантиндік шектеулерге қарамастан Ақтаудағы екі мейрамханада жас жұбайлардың үйлену тойын өткізгені анықталды. Тығылып той өткізгендердің видеосын Михаил Козачковтың Telegram каналындағы парақшада жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда мейрамхана иесі той жасағаны үшін 640 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді Жолдау: Келер жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеу жүйесі өзгереді

Автор «Маңғыстау облысы Энергетика тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Жанболат Жақыпов той тойлап жатыр. Күйеужігіт Маңғыстаудағы ірі мұнай-газ комнаниясының бұрынғы басшысының ұлы», - деп көрсеткен.

Сондай-ақ, журналист өзінің парақшасында екінші тойдың да видеосын жариялады. Онда танымал Инстаграм блогерінің тойдан салған видеолары көрсетілген.

Карантиндік шектеулері бұзып, дүркіретіп той тойлағандардың видеосына қатысты Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтана пікір білдірді. Ол карантин талаптарын бұзғандарға қатысты Ақтау полициясымен бірге жоспардан тыс тергеу басталғанын мәлім етті.

«Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының және Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қаулыларының талаптарын бұзуға жол берген ұйымдастырушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу« талаптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді ол.

Осыған дейін Маңғыстауда туған күнін дүркіретіп тойлаған басқарма басшысы жазаланғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT