Ақтауда жаңбырмен бірге термит жауған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау өңірінде кеше кешке қарай жаңбырмен бірге термит жауды. Ақтаулық тұрғындар осылай деп шағымдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, кеше жауған жаңбыр ұсақ қоңыздарды бірге ала келді. Тек қаланың аумағында ғана емес,қала маңындағы шағын ауылдарға да жауған.

«Үйдің айналасын қаптап кетті, кәдімгі термит. Не істейміз? Хлор шашып, улап жатырмыз. Қолымыздан келгені осы, әкімдікке де хабарластық. Тағы да жауса не болады»,-дейді қала тұрғыны Айзере.


Соңғы жаңалықтар