Ақтауда жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жасөспірім бойжеткен 15 мамырда жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ладаға сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, сағат 18:00-де Галина Ермольчева 35 шағынаудандағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Ол көрші аулада 21:30-ға дейін серуендеп жүрді. Құрбыларымен қоштасып, үйіне кеткен. 100 метрлік жерде болған. Бірақ, үйіне оралмаған», - деді қыздың туыстары.

Бойжеткен үстіне көгілдір кофта, джинсы мен ақ кроссовки киген. Оның туыстары полицияға келген. Жасөспірім туралы ақпарат білетіндердің мына телефонға хабарласуын сұрайды: 8 (702) 807-72-30, 8 (778) 369-15-44.


Соңғы жаңалықтар