Ақтауда жоғалып кеткен сарбаз үш күннен кейін табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтауда жоғалып кеткен сарбаз үш күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 17 мамыр күні сағат 07.15 шамасында 6656-әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Бағлан Әділбеков Ақтау қаласындағы полиция тірек пунктіне өзі келген.

«Бұдан бұрын қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 14 мамыр күні патрульдік күзет аяқталғаннан кейін әскери бөлімге келмей, өздігімен белгісіз бағытта кетіп қалған. Сарбаз ата-анасымен кездесті. Қазіргі кезде қызметтік тексеру жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

Қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 2021 жылдың маусым айында Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы арқылы әскерге шақырылған.



Соңғы жаңалықтар