Ақтауда жолдан өтіп бара жатқан баланы қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда жолдан өтіп бара жатқан баланы қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға туралы зардап шеккен баланың анасы айтып берді. Зардап шеккен ақтаулық бүлдіршін 8 жаста. Бағила Назымованың айтуынша, оқиға 11 қазанда, сағат 08:40 шамасында 13 шағынауданның 12 және 14 үйдің жанында орналасқан «Жастар» бизнес орталығының жанында болған.

«Біз жаяу жүргіншілерге арналған жолды кесіп өттік. Ұлым менің қолымнан ұстап тұрды. Содан кейін ол екі секунд ішінде қолын босатып, еңкейе бергенде көлік келіп соқты. Мен жүргізуші қызды көрдім. Мен оған «Сіз қайда бара жатсыз» деп едім, оқиға орнынан тайып тұрды», - деді Бағила Назмова.

Оқиғадан кейін анасы баласын травматологқа апарған.

«Олар аяғын түсіргенде ештеңе таппады. Бірақ дәрігерлер ұлымның бірнеше күн ауыруы мүмкін екенін ескертті. Кешке қарай баланың жамбасы ауыра бастады», - деді ол.

Жәбірленушінің анасы полицияға арыз берген. Оның айтуынша, баласын көлікпен қаққан әйел сұр түсті жол талғамайтын көлікті басқарған.


Соңғы жаңалықтар