Ақтаудағы 14 жастағы баланың өліміне себеп екі нұсқа айтылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтаудағы 14 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 23 маусым күні сағат 22:00-дер шамасында №7 мектеп-лицейі мен «Толқын» базарының маңында болды.

Бүгін Ақтау қаласының әкімдігі осы оқиғаға қатысты баспасөз конференциясын өткізді. Қала әкімінің орынбасары Серік Гусманның айтуынша, жеткіншектің неден қайтыс болғанын айтуға әлі ерте. Себебі оның өліміні бірнеше фактор себеп болуы мүмкін.

Оның бірі – бала қоршаудан құлап кетуі мүмкін, екіншісі электр тогы соғуы ықтимал.

«Таңда тергеу шаралары жүргізілуде. Медициналық сараптама нәтижелері бойынша өлімнің нақты себебі анықталады. Мүмкін бала қоршаудан құлаған кезде қатты жарақат алған шығар. Онда биіктігі 2,5 метр. Баланың денесінде бас сүйегінің зақымдануы бар. Мүмкін бала соққыдан қайтыс болған шығар. Ата-анасының айтуынша, ол дуалға көтерілуге тырысқан және құлаған. Қазір бірдеңе айтуға ерте», - деді Серік Гусман.

Сондай-ақ, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары 15 маусымнан бастап көше жарығының бағандарына қызмет көрсетумен «Ақтау Сервис Құрылыс» компаниясы айналысатынын жеткізді.

«Бүгінгі таңда ішкі тергеу басталды. Бүгін жедел жиналыс өткізіліп, барлық сервистік компаниялар мен ПИК-ке ішкі үй желілерін, көшені жарықтандыруды, электр жабдықтарының жай-күйін қаланың барлық шағын аудандарында толық тексеру үшін тиісті нұсқаулар берілді», - деді компания директоры Әбдіғалиев Есенжол Қуандықұлы.

Бүгінде қала бойынша 12 255 баған бар. Оның ішінде 8122 шам, 5183 жарықдиодты шам, кабельдер саны - 409 шақырым, әуе желілері - 68 шақырым, трансформаторлар – 198.

«Барлық осы жабдықтарға қызмет көрсету керек. Қалалық білім бөліміне мектепішілік желілерді, ал мердігерге барлық қалалық желілерді тексеруді тапсырдық», - деді ол.

Қала әкімнің орынбасары егер жасөспірімнің өліміне электр тоғының соғуы себеп болса, онда тиісті органдар бұл үшін жауап беретінін жеткізді.

«Біз тергеу жүргізетін боламыз. Бұл қызмет көрсеткен немесе жұмыс істеп жүрген бұрынғы қызметкерлердің немқұрайлылығы. Теория бойынша, компания келісімшартқа қол қойған кезде, компания міндеттемелерді қабылдаған сәттен бастап. Шартта мұның бәрі жазылған», - деді Серік Гузман.


Соңғы жаңалықтар