Ақтаудағы оқиға: Сәби күтушісінің үйінде көз жұмған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 1 жасар бала жеке балабақшада қайтыс болды деген ақпарат әлеуметтік желіде таралып кеткен болатын. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті берген мәлімет қате. Қайғылы жағдай 3 бөлмелі жеке пәтерде болған. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз өкілдері жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз өкілдерінің айтуынша, бір жасар сәби жеке бала күтушінің үйінде 27-інші шағынауданда, 6 желтоқсан күні түскі мезгілде көз жұмған.

«Оқиға тіркелген 27-21-4 мекенжайында көп балалы ана тұрады. Ол жеке балабақша ретінде еш жерде тіркелмеген. Ата-аналардың сұрауы бойынша ақыға балаларын бағып берген»,-делінген хабарламада.

Бала өлімінің себебі әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша нәресте аллергиялық аурудан шетінеген. Қазір мамандар тексеру жұмыстарын жүргізуде. Орын алған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«103-ке шақырту қоңырауы түскен соң, бригада сағат 14:11-де аталған мекенжайға барды. Сол күні жеке күтуші баланы өз қарауына ең алғаш рет алған. Сәбидің денесінде ұрып-соғу белгілері болмады. Осыған дейін медициналық есепте тұрмаған. Нәрестенің неден қайтыс болғандығын арнайы құзырлы орган қызметкерлері анықтайтын болады»,-деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Соңғы жаңалықтар