Ақтаулықтар жасыл желекті суарудың жаңа жүйесін ойлап тапты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық белсенділер кондиционерден шыққан суды тиімді пайдалану үшін суарудың жаңа жүйесін ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белсенділердің айтуынша, кез келген сплит жүйесінде дренаж арнасы бар. Конденсацияланған сұйықтық арнайы түтік арқылы шығарылады.

Өткен аптада Алексей Джубанов бастаған бір топ белсенді осы сплит жүйесінен бөлінген суды үй алдындағы талдар мен жасыл желекті суаруға пайдалану жобасын қолға алды.

Алғашқы жүйе Ақтаудағы 27-шағынаудан 15-ші тұрғын үйге орнатылды.

«Кондиционер суымен көгал суару - ең ұтымды әдіс. Су таза, құрамында коммуналдық судағы химиялық заттардың ешқайсысы жоқ. Өткен аптада 15-үйге осы жүйені орнаттық. Ол тұрғын үйде барлығы 17 кондиционер бар. Жүйені 2 кіреберіске бекіттік. Алдымен бірінші кіреберіске - 10 кондицонерді, екінші кіреберіске 7 кондицонерді біріктіріп, орнаттық. Оған пластикалық құбырлар мен цистерна пайдаланылды. Цистерна көлемі - 300 литр», - дейді А. Джубаев.

Бұл өсімдіктерге арналған айналмалы конденсацияны қолдану кезінде суды сүзу немесе тұндыру қажет емес.

«Пәтерлер су жинау үшін қарапайым ыдыстарды пайдаланып отыр. Сонымен қатар, жиналған судың ыдыста толып кетпеуін бақылауға тура келеді. Ал, бұл жүйе арқылы су тікелей үй алдындағы өсімдіктерге жетеді. Осылайша тұрғындар үйінің алдындағы талдарды тегін суара алады», - дейді тұрғын.

Сплит жүйесі орташа бір пәтерден сағатына 1-ден 3 галлонға дейін немесе 3,8-ден 11,4 л дейін су шығарады.


Соңғы жаңалықтар