Ақтөбе әкімдігі газ бағасының қымбаттау себебін түсіндірді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде сұйытылған газдың литрі 60-75 теңгеге сатылып жатыр. Көбі талонмен сатуға көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы ай сайын 13 мың тонна сұйытылған газ пайдаланады. Ал ҚР Энергетика министрлігі қазан айында 11 160 тонна сұйытылған отын бөлуді жоспарлады. Ақтөбе облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасының газбен жабдықтау бөлімінің басшысы Самат Лепесовтың айтуынша, оның 3 924 тоннасы электронды сауда алаңдарынан тыс (35%) және 7 236 тоннасы электронды сауда алаңы арқылы (65%) сатылды.

«Электронды сауда алаңдарынан тыс жеркізу кезінде шекті баға бекітілген. Тоннасына 38 701,67 теңгені құрайды. Ал электронды сауда алаңы арқылы сатылғанда баға әртүрлі. Орта есеппен шілдеде тоннасына 67 082, тамызда 69 808, қыркүйекте 84 365 және қазанда 82 000 мың теңге болды. Бүгінгі таңда зауыттардан 958 тонна сұйытылған мұнай газы жөнелтілді. Алайда теміржол арқылы жөнелтілетін жүктің көлемі артып, осы айдың басында «Қазақстан темір жолы» АҚ станцияларында цистерналарды жөнелту кешіктірілді. Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласына 25 вагон цистерна немесе 900 тонна жүк келіп түсті. Газ толтыру стансаларына жөнелту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа 16 вагон цистерна немесе 576 тонна Жем және Қандыағаш стансаларында тұр», - деді Ақтөбе облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасының газбен жабдықтау бөлімінің басшысы Самат Лепесов.


Соңғы жаңалықтар