+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімін беру ұсынылды

2021 жылғы 13 қаңтар 11:28
Бөлісіңіз:
Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімін беру ұсынылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Ақтөбе» халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі беру ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының полицейлері жылдамдықты асырған 300 мыңға жуық жүргізушіні анықтады Қауіпсіз жол: Ақтөбе облысында бір тәулікте жол ережесін бұзудың 512 фактісі анықталды Алматы облысында көліктің үстінен жүгіріп өткен пранкер ұсталды

«Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімін беру туралы ұсыныс енгізілді.

«Ақтөбе әуежайы ұсынысты қараша айында жолдады. Облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Кейін шешім республикалық ономастикалық комиссияға жіберілді. Комиссия да ақтөбеліктердің ұсынысын құп көрді. Енді бес министрліктің келісімі қажет. Ашық талқылау үшін облыс әкімдігі қаулы жобасын жариялады», - деді Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маржан Жанатова. Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сүйеніп жарияланған.

Айта кетейік, қазіргі күні әйужайда 8 рейс бар. Алматы, Нұр - Сұлтан, Атырау мен Маңғыстау бағыты бойынша ішкі рейс, айына бір рет Мысырға бір рейс қарастырылған.

«Бірнеше ай бұрын ұсыныс енгізіліп, Үкіметке жіберілді. Ұсынысымыз қолдау тапты. Енді Әлия Молдағұлова атындағы әуежай жазбасы ілінеді. Бұл жұмыс бір ай ішінде атқарылады», - деді әуежай директорының орынбасары Ілияс Нұғманов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT