«Ақтөбе» әуежайында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Ақтөбе» әуежайында бүгін оқу-жаттығу өтті. Арнайы сценарий бойынша вирус жұқтырған жолаушы Нұр – Сұлтан қаласынан келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арнайы дайындалған сценарий бойынша Нұр – Сұлтан қаласынан келген әуе рейсінде науқас денсаулығына шағымданды. Оның қызуы жоғары, жөтеледі. Тұмауға ұқсас белгілер анықталған соң жолаушы оқшаулау бөліміне жіберіліп, мамандар шақырылды. Дәрігер тексеруінен соң науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіледі.

«Аурудың көзі теңізде өмір сүретін жәндіктен тараған деп айтып жатыр. Екінші нұсқада ұшатын тышқаннан шыққан. Бұл вирус табиғатта бар. Бірақ жәндіктен адамға жұғып, мутация болып, адамнан адамға тараған. Бүкіл әлемде, Қазақстанда, оның ішінде Ақтөбе облысында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Кез келген жағдайға дайынбыз. Бастысы – адам тез арада оқшауланады», - деді облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшсының орынбасары Мұхтар Сербаев.


Соңғы жаңалықтар