Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарында қатты ыстық болатыны ескертілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарында қатты ыстық болатыны ескертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

9 шілдеде түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

9 шілде күндіз Маңғыстау облысында 38-42 градус қатты ыстық сақталады. 9 шілдеде күндіз Қостанай облысының батысында 36 градус қатты ыстық болады.


Соңғы жаңалықтар