06:30, 14 Желтоқсан 2019 | GMT +6
Ақтөбе мен Балқашта ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 14-ші желтоқсан күні Ақтөбе мен Балқаш қалаларында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.
«2019 жылдың 14 желтоқсаны күні Ақтөбе мен Балқаш қалаларында атмосферадағы ауа ластанады»,-делінген хабарламада.
Ал еліміздің өзге қалаларындағы ауа сапасы қалыпты жағдайда болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.