Ақтөбе облыстық қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде облыстық қаржы басқармасының басшысы қызметіне Нұрлыбек Өнербаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлыбек Өнербаев - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Қазақ гуманитарлық-заң университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінде бас маман болып бастаған.

Әр түрлі жылдары Ақтөбе қалалық қаржы департаментінде, Ақтөбе облыстық қаржы департаментінде, Қарғалы аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде, Қарғалы аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінде бөлім басшысы, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, облыстық ревизия комиссиясының мүшесі болды.

2013-2016 жылдары «Ақбұлақ» акционерлік қоғамының вице-президенті лауазымын атқарды.

Қаржы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалғанға дейін Ақтөбе облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды.


Соңғы жаңалықтар