Ақтөбе облысында барлығы 143 адам карантинде жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында 143 адам карантинде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе қаласында барлығы 120 адам оқшауланды. Оның ішінде инфекциялық госпитальде - 25, провизорлық гопитальде - 43, карантиндік госпитальде 52 адам бар. Аудандарда да дәрігер бақылауына алынған адамдар бар. Алғада - 2, Мұғалжарда - 1, Темірде - 2, Хромтауда - 11, Қобдада - 5, Шалқарда 2 адам бақылауда. Барлығы облыста 143 адам карантинге жатқызылды. Қазіргі кезде жағдайлары тұрақты», - деді онлайн-брифинг барысында облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Айта кетейік, барлығы 391 адам үй карантинінде болса, дәрігерлер тағы 238 адамның денсаулығын телефон арқылы бақылап отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде тағы бір адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Өңірде барлығы 2 науқас тіркелді.


Соңғы жаңалықтар