Ақтөбе облысында деструктивті діни ағым ұстанушылары есірткімен ұсталды - ҰҚК

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында деструктивті діни ағым ұстанушылары есірткімен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«13 қаңтарда ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өсімдік түрлі есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатысты бар топ мүшелерін құрықтады. Бұл факт ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, ұ сталған азаматтар деструктивті діни ағым ұстанушылары.

А тырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілерге қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



Соңғы жаңалықтар