Ақтөбе облысында мал азығына қосымша қаржы бөлінді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде мал азығына берілетін субсидия жетпей, жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде облысында ауыл шаруашылығы саласында өсім бар.

Өткен жылы агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 19 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

Мал шаруашылығын субсидиялау кезінде жемшөп сатып алуға 4,4 миллиард теңге бөлініп, қаржы кейбіріне жетпей қалды.

«Шаруашылықтардың өтінімі жиналып, ақпан айында 1 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отырмыз. 2020 жылы шаруашылықтарға 25 миллиард теңге несие берілді. Ірі қара 17, жылқы 23, қой-ешкі 2,3 пайызға артты. Қазіргі кезде бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

Айта кетейік, өңірде көктемгі егіс науқанына дайындық жұмысы басталды.

Қазіргі кезде 7900 мың тонна жанар-жағармайға сұраныс берілді.

Техниканы жөндеу, жаңарту жұмысы жүріп жатыр.

«Биыл 787 гектар жерге дән себіледі. Қажетті 40 мың тонна тұқым бар. Тағы 1,5 мың тонна жоғары сұрыпты тұқым сатып алынды», - деді Құсайын Сәрсембай.

Соңғы жаңалықтар