Ақтөбе облысында орман алқабына 2 миллион түп көшет егіледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің экологиялық ахуалын жақсарту үшін «Жол картасы» әзірленді. Биыл орман шаруашылығы мекемелері орман қорының жеріне 2 млн түп ағаш егеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша 700-ден астам қатты қалдық орны анықталып, оның басым бөлігі жойылып, заңдастырылды.

Бірқатар аудан орталықтарында тұрмыстық қалдық полигондарының құрылысы басталды.

Ойыл, Ырғыз және Әйтеке би аудандарының орталықтарында полигондар құрылысы жоспарланды.

Өткен жылы кәсіпорындар санитарлық қорғау аймақтарына барлығы 6 мыңнан астам көшет отырғызды.

«2021 жылы орман шаруашылығы мекемелері орман қоры жерінің 1 мың гектарына 2 млн түп көшет егеді. Сонымен бірге елдімекендердің аумағына 420 мың түп көшет және елдімекендер ішіне 31 мың түп көшет отырғызылады», - деді облыстық экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл.

Соңғы жаңалықтар