Ақтөбе облысында үш адам суға батып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде үш адам суға батып кетті. Оның біреуі - 18 жастағы қыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бірінші оқиға сағат 3:00-де тіркелген.

Ақтөбе су қоймасына балық аулауға барған төрт ақтөбелік мінген моторлы қайық кенет аударылып кетіп, үшеуі жағаға жүзіп барды. Ал біреуі жоғалып кетті.

«Жедел құтқару жасағы іздеу жұмыстарын жүргізіп, 46 жастағы ер адамның денесін 3 метр тереңдіктен алып шықты. Сонымен бірге бүгін сағат 13:45-те 45 жастағы ер адамның денесін куәгерлер судан алып шықты. Болжам бойынша қаза тапқан адам мас болған. Сөйтіп тыйым салынған аумақта суға шомылған», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық ТЖД қызметкерлері Мәртөк ауданы Елек өзенінен 18 жастағы қыздың денесін іздеді.

Куәгерлердің айтуынша, ол тыйым салынған аумақта шомылған. Көп ұзамай құтқарушылар қыздың денесін шығарып алды.


Соңғы жаңалықтар