Ақтөбе облысында жол жабылып, көлік жүруіне тыйым салынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе және Атырау облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан жолдарының жағдайынан хабар беретін интерактивті картаға көз салсақ, батыс аймақтарда боран күшейіп тұр.

Осыған байланысты 14 қаңтар кешкі сағат 21:30 бастап «Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 245-330 шақырымында автокөліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды.

Бұл - Қарауылкелді ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі аралық.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласының маңындағы Солтүстік айналма жолының 25-39 шақырымында да 15 қаңтар түнгі 00:10 бастап көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Соңғы жаңалықтар