Ақтөбе полициясы пәтер ішіне балкон арқылы кіріп, қашқын қылмыскерді ұстады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе полициясы түрмеден қашып, бой тасалаған қылмыскерлі қалай қолға түсіргенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Ақтөбе қаласында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 34 жастағы Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен сотталған Дамир Давутовты ұстады. Департамент мәліметіне сүйенсек, сотталған Д.Давутов қоғамдық қорғаушымен жүздесу үшін кездесу бөлмесіне шығарылған. Кездесу өткізгеннен кейін ол дәретханаға баруға рұқсат сұрап, түнде сол кездесу бөлмесінде тығылып қалған. Одан әрі есік құлпын бұзып, әкімшілік ғимараттың акт залына кіріп, қосалқы шығу есігіндегі темір құлыпты сындырады. Мекеменің әкімшілік ғимаратының алдындағы қоршаудан секіріп, қашып кеткен.

«Жазасын өтеушінің 11 шағын аудандағы пәтерлердің бірінде жасырынып жатқаны анықталды. Полиция қызметкерлерінің өз еркімен берілу туралы ескертуін елемеді. Кейін арнайы қызметкерлер жұмылдырылып, олар екінші қабаттың балконы арқылы пәтерге кіріп, қылмыскерді ұстады. Сондай-ақ, жауап алу кезінде Давутов қашқаннан кейін таксимен Тараз қаласына жеткенін және шамамен 5 күн бұрын жол бойы кезіккен көліктермен Ақтөбе қаласына жеткенін, одан әрі жалдамалы пәтерлерде тұрғанын айтты. Сотталған Давутов ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібімен Ақтөбе қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, қылмыскер бұрын бірнеше рет сотталған. Осы жолы ұрлық пен алаяқтығы үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған.


Соңғы жаңалықтар