Ақтөбе прокуратурасы 200-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы Астана ауданының прокуратурасы жергілікті монополистің заңсыз ісін әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәріз жүйесіне қосылған бизнес субьектісінің иесі арнайы коммуналдық мекемемен арада келісімшартқа тұруға міндетті. Осы қызметті ұсынған «Aqtobe su-energy group» АҚ 200-ден астам кәсіпкерден бекітілген тарифке сәйкес (1 текше метр үшін 310,73 теңге) заңсыз төлем алып отырған.
«Мысалы, бір кәсіпкер жыл ішінде 49 828 текше метр лас суды кәріз жүйесіне ағызса, шығыны 15 млн теңгеден асады. Іс жүзінде кәсіпкерлер қазылған шұңқырларды пайдаланып, қалдық суын өздігінен шығарған. Осылайша монополиске негізсіз ақша аударып, қосымша шығынды өзі төледі. Қадағалау актісі бойынша негізсіз жасалған келісімшарт бұзылды. Өңірде кәсіпкер құқығын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасады»,- деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар прокуратурада кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мониторингтік топ жұмыс істейтінін еске салады. Құқықтары бұзылған немесе бизнеске кедергі келтірілген жағдайда 90-14-55 немесе 8778-319-87-61, 8 778 366 70 44 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар