Ақтөбе түрмесінде шағын және орта бизнесті дамыту жолы қаралды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Қауіпсіздігі орташа КА-168/2 түзету мекемесінде шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі бар. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Қамбаров өндірістік аймақтық жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Қамбаров және облыс прокурорының орынбасары Ғалымжан Тілеубаев КА-168/2 түзеу мекемесінің өндірістік аймағын аралады. Сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және «Еңбек» РМК филиалының өкілдері де ере барды. Олар темір-бетон учаскесін, тігін, механикалық цех, ағаш өңдеу цехы, наубайхана мен мекеменің басқа да жұмыс істеп тұрған нысандарын қарады. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шәмишев бос тұрған өндірістік ғимараттар мен үй-жайлардың құқығын белгілейтін құжаттары мен техникалық құжатының жоқ екенін атап өтті. Бұл шағын және орта бизнес субъектілерін тартуға, мекеме аумағындағы өндірістік қуатты арттыру және сотталғандарды жұмыспен қамтуға кедергі келтіріп отыр.

«Сотталғандарды еңбекке араластыру түзеу мекемелері міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/2 түзеу мекемесінің аумағында еңбекке қабілетті сотталғандардың 68,6 % жұмыс істеп жүр. Жазасын өтеушілер жалақысын отбасына жібереді және сотпен тағайындалған талап-арыздарды өтейді», - деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шәмишев.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Қамбаров басқарма басшыларына проблемалық мәселелер бойынша жазбаша ұсыныс енгізу туралы жеке тапсырма берді.


Соңғы жаңалықтар