Ақтөбеде 22 келі есірткімен қырғызстандық ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде полиция қызметкерлері ірі көлемде есірткі тасымалдаған шетелдікті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Мигрант» жедел-іздестіру шарасын өткізді. «Самара-Шымкент» тас жолының 972 шақырымында көлік құралын санкциясыз тінтіп, Бішкек қаласында тұратын Қырғызстанның 44 жастағы азаматы айдап келе жатқан жүк көлігінен жалпы салмағы 22 келіден асатын «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.
«Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігінің санкциясына сәйкес (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) тергеуді бастады. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдауға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
- Шағын несие беру ұйымына шабуылдаған ер адам Атырауда ұсталды
- Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды
- Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісінде жабайы түлкі видеоға түсірілді
- СҚО мен Ақтөбе облысының жолдарында көлік қозғалысы шектелді
-
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды мерекемен құттықтады
-
Хатшылықтан тергеушіге айналу үшін үнемі ізденіс үстінде болдым – полиция майоры Ольга Омарова
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам