03:30, 25 Қаңтар 2022 | GMT +6
Ақтөбеде 23 шетелдік елден шығарылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеге былтыр 15 080 шетелдік келді. Оның 23-і көші-қон заңнамасын бұзып, елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Былтыр облыс аумағына 15 080 шетелдік келіп, уақытша тіркелді. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, заңсыз еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерді анықтау мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты негізде «Заңсыз келуші» атты жедел-алдын алу шарасын өткізеді.
«Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1824 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Бұдан басқа 23 шетелдік республика аумағынан шығарылды. Сонымен бірге мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту дерегі де тіркелді. Мұндай 7 іс болды. Қос елдің азаматтығын алғаны үшін 104 адам әкімшілік жауапқа тартылды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Жыл басынан бері көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері 230 200 мемлекеттік қызмет көрсетті.