Ақтөбеде 300-ден астам медқызметкер вакцинаның екінші дозасын қабылдады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша барлығы 1 мың медицина қызметкері екпе қабылдап, олардың 300-ден астамы екінші дозасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен тәулікте өңірде 19 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Вирус жұқтырғандардың 14-і дерттің симптомды түріне шалдыққан.

«Қазіргі кезде 159 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 52-і инфекциялық стационарлардағы ақ халаттылардың бақылауында. Жансақтау бөліміндегі бес науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сонымен бірге өткен тәулікте 3 адам пневмония диагнозымен аурухаға түсті. Барлығы 48 науқас ем алып жатыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Карантиндік стационарда 23 адам бар. Шекарадағы карантиндік станцияларда 8 адам жатыр.

«Облыста 300-ден астам медицина қызметкері вакцинаның екінші дозасын қабылдады. Бәрінің жағдайы жақсы. Денсаулығына шағым айтқан ешкім болмады», - деді Бекболат Ізбасаров.

Айта кетейік, қазіргі кезде 800-ге жуық адам үй карантинінде жатыр.

Соңғы жаңалықтар