Ақтөбеде 300-ден астам полиция қызметкеріне вакцина салынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде полиция қызметкерлері COVID-19-ға қарсы вакцина қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында барлығы 25 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін қабылдады. Ал екі компонентті 6 мыңға жуық адам алды. Дәрігер, мұғалім және өңір тұрғындарымен қатар вакцинаны құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қабылдады.

«Мен вакцинаның екі компонентін де алдым. Денсаулығым жақсы. 60 жастағы ата-анам да шешімді құтқап, өздері екпе алды. Бүгінде тәртіп сақшылары азаматтардың алдыңғы шебінде жүр. Олар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өзі ғана емес, достары мен туыстарын, отбасын сақтау жолын6 вакцинаның тиімділігін түсіндіруі тиіс», -деп хабарлады Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Талғат Берденов.

Айта кетейік, қазіргі кезде барлығы 300-ден астам адам инфекцияға қарсы вакцина қабылдады.


Соңғы жаңалықтар