Ақтөбеде 35 мың адам тұмауға қарсы тегін екпе алады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 1 қазан күні тұмауға қарсы жаппай вакцинация басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманованың хабарлауынша, 2018-2019 жылғы эпидемиологиялық маусымда тұмаумен 136 адам ауырса, оның 38-і жүкті әйел, үшеуі бір жасқа дейінгі бала және 18 оқушы. Ал 3929 адам ЖРВИ жұқтырған. Алдағы маусымда А, В вирусы күшеюі мүмкін.

«Тұмаудың алдын алудың ең тиімді және ғылыми негізделген әдісі - вакцинация. Облыс халқының әлсіз топтарын эпидемия алдындағы кезеңде иммундауды жүргізуге және тұмауға қарсы вакцина сатып алуға жергілікті бюджеттен 30 млн теңге бөлінді. Ресей өндірісіндегі »Гриппол +« тұмауына қарсы 34 944 доза вакцина сатып алынды. Облыста маусымдық тұмауға қарсы жаппай егу 1 қазанда басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады», - деді Светлана Есенаманова.

Бюджет қаражаты есебінен медициналық қызметкерлер, алты айдан асқан иммундық жүйесі әлсіз балалар, балалар үйі тәрбиеленушілері, қарттар мен мүгедектер үйінің түрғындары, жүктіліктің ІІ немесе ІІІ триместріндегі жүкті әйелдер, жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштері бар адамдар вакцина алады.

Халықты тұмауға қарсы егу облыстың барлық қалалық және аудандық емханаларында жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар