Ақтөбеде 4-5 қараша күндері джиу-джитсудан ашық халықаралық Arlan Grip Selection турнирі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қараша айының 4-5 күндері Ақтөбеде бразилиялық жекпе-жек өнері джиу-джитсудан  және  сабмишн файтингтан «Aqtobe Open - 2017» ашық халықаралық Arlan Grip Selection турнирі өтеді, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктен.

Қарашаның 4-і күні сағат 10.00-де  Ақтөбедегі Жекпе-жек сарайында жеткіншектер мен ересектер бразилиялық джиу-джитсудан жарыс жолына шықса, ал 5 қарашада осы уақытта сабмишн файтингтан 18 жастан жоғары ересектер өзара мықтыны анықтайтын болады.

Спорттық шараның басты мақсаты - Қазақстанда джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру, үздіктерді  анықтау.

Аталмыш жарыс ADCC және IBJJF ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері  бойынша өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом мен медальдермен марапатталады.

Салмақты өлшеу рәсімі қатысушы белдесуінің алдында өткізіледі, ал тіркелген салмағы  сәйкес келмеген жағдайда - спортшы  жарысқа қатысу құқығынан айырылады.

null 

Соңғы жаңалықтар