Ақтөбеде 500 мыңыншы тұрғын дүниеге келді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде халық саны жарты миллионға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығында өмірге келген Әлинұр Жалғасбай қаланың 500 мыңыншы тұрғыны атанды.

«Ер бала аман-есен өмірге келді. Салмағы – 3060 келі, бойы – 53 см. Биыл 10 айда перинаталды орталықта 6 мыңнан астам бала дүние есігін ашты», - деді бас дәрігердің орынбасары Анар Әмірқұлова.

Жас ананы қала әкімі Мавр Абдуллин құттықтап барды.

Соңғы жаңалықтар