Ақтөбеде 9 жастағы бала пневмониядан көз жұмған болуы мүмкін

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 9 жастағы бала ауруханада көз жұмды. Комиссия тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай бала өлімі тіркелді. Нақты диагнозы әлі қойылған жоқ. Пневмония болуы мүмкін. Қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Баланың іші ауырып, құсқан. Дәрігерлер қарап, ем қабылдады. Алдымен аудандық ауруханада ем алып, кейін облыстық ауруханаға жеткізілді. Инфекциялық ауруханада оған пневмония диагнозы қойылды. ПТР тест алынды, коронавирус инфекциясы анықталмады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров.


Соңғы жаңалықтар