Ақтөбеде ақбөкеннің мүйізін кесіп алған браконьерлер ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Әйтеке би ауданында киік мүйізін кесіп алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 ақпан күні Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының криминалдық және табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері «КамАЗ» автокөлігін тоқтатты. Оның ішінде жүргізуші мен екі жолаушы болған. Барлығы - Әйтеке би ауданының тұрғындары. Автокөлікті тексеру кезінде 6 дана ақбөкен мүйізі, үш қоян және ара табылып, тәркіленді. Күдіктілер жайылымнан 100 шақырым жерде ақбөкен мүйізін кескенін айтты.

«Тіркелген дерекке қатысты Қылмысты кодекстің «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар