+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Ақтөбеде ақша мен алтын бұйымдар салынған сейф табылды

2021 жылғы 30 қыркүйек 11:51
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде ақша мен алтын бұйымдар салынған сейф табылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде ұрлық жасап, ақша мен алтын бұйымдар салынған сейфті алып кеткен күдіктілер ұсталды. Олар ұрланған затты жасырған жерін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында жасөспірім танысының атынан 2 кредит алған Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкері жазаланды Түркістан облысында ұрланған 50 бас мал иелеріне қайтарылды

Биыл жаз айында Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерлердің бірінде зергерлік бұйымдар мен ақшасы бар сейф ұрланды. Ақтөбе қалалық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктілерді анықтап, ұстады. Тінту кезінде олардың бірінің үйінің ауласына көмілген сейф табылды.

«Үш күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT