+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Ақтөбеде ауыл тұрғындарынан 50 келі балық тәркіленді

2021 жылғы 22 қазан 05:24
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде ауыл тұрғындарынан 50 келі балық тәркіленді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде Торғай көлінен балықты заңсыз аулағандар анықталды. Олардан 50 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті Алаяқтар ақтөбеліктің атынан 3,7 млн теңге несие рәсімдеген

Ырғыз аудандық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Ырғыз ауылынан 110 шақырым жерде орналасқан Торғай көлінде сазан тұқымдас балықты заңсыз аулаумен айналысқан екі жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу барысында ұсталған адамдардан балық аулауға арналған құралдар, оның ішінде ау, үрле резеңке қайық, сондай-ақ жалпы салмағы 50 келі болатын балық тәркіленді.

Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бабы бойынша іс қозғалды.

«Облыс аумағында 20-қазан мен 19-қараша аралығында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы басталды. Бұл табиғатты қорғау заңнамасын бұзу деректерін, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау мен жолын кесуге, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға бағытталған. Алғашқы күні мобильді топтар табиғат қорғау заңнамасын бұзған 19 деректі анықтады. Оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың 14, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 5 дерегі бар», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT