Ақтөбеде барлық бағыттағы жол жабылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында барлық бағыттағы жол уақытша жабылды. Қазір өңірде ақтүтек боран, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тасжолы Маржанбұлақ ауылынан Қобдау ауданына дейін, Бекқұл баба ауылынан Хромтау қаласына дейін, Хромтау қаласы мен Қызылорда облысының шекарасы аумағы жабық. Қарабұтақ-Комсомольское-Қостанай облысының шекарасы, Ақтөбе-Атырау- Астрахань тасжолының Алға қаласынан Атырау шекарасы арасына дейін, Ақтөбе қаласындағы Солтүстік айналма жолы, Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз, Ақтөбе – Мәртөк – Орынбор шекарасы аралығы, Ақтөбе мен Орск шекарасы жабық.

Облыстық маңызы бар жолдар бойынша Шұбарқұдық – Ойыл – Қобда - Соль-Илецк тасжолының Шұбарқұдық кентінен Ойыл ауылына дейін, Ойыл кентінен Самара-Шымкент автожолына дейін, Қобда ауылынан РФ шекарасына дейін көліктер жүрмейді. Ақтөбе – Орск тасжолының Дөң – Бадамша ауылы аралығы, Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі аралығында жүруге тыйым салынды.

«23 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде қар жауады. Кей жерлерінде көктайғақ, баяу бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар