Ақтөбеде «Болашақ» түлегі облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ермек Кенжеханұлы «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбританияның​ Рединг университетін «ауыл шаруашылығы саласындағы экономист», Кореяның Аджу университетін​ «экономика және бизнес магистрі» мамандығы бойынша​ тәмамдаған.​

Еңбек жолын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ы несиелік өнімдерді әзірлеу департаментінің менеджері болып​ бастаған.

Түрлі жылдары Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысы, Ауыл шауашылығы министрлігі, инвестициялық жобалар және​ қаржылық құралдар департаменті, инвестиция басқармасының басшысы болды.

ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің халықаралық ынтымақтастық​ және экономикалық интеграция департаментінің халықаралық ынтымақтастық​ басқармасын, Ақтөбе облысы сыртқы байланыстар және туризм басқармасын,​ Ақтөбе облысы ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасын басқарды.

2020 жылы Ермек Кенжеханұлы Президенттік жастар кадрлық резервіне кірді. Бүгінге дейін Мәртөк ауданының әкімі болды.


Соңғы жаңалықтар